425,25 492.05 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілімен кездесті

  • 138
  • UPD: 10:37, 16.09.2021
Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілімен кездесті akorda.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Қазақстанға алғаш рет сапармен келген ЕҚЫҰ-ның БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілі Тереза Рибейромен кездесу өткізді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Арнаулы өкіл Мемлекет басшысының бастамасы бойынша саяси және әлеуметтік-экономикалық салада жүргізіліп жатқан реформалар мен елдің тұрақты дамуының басымдықтары туралы айтты.

Тереза Рибейро Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ еркіндігі, азаматтық қоғамды қолдау, сот реформасы, әйелдер мен мүгедектердің құқықтарын ілгерілету жөніндегі жүргізіп жатқан саясатын жоғары бағалады.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы серіктестік қатынастар жақсы дамып келеді, сондай-ақ, саяси, экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қалыптасуда.

Хабар 24 телеарнасы