425,25 492.05 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстан ауған босқындарын қабылдамайды

  • 185
  • UPD: 17:26, 16.09.2021
Қазақстан ауған босқындарын қабылдамайды фото: eadaily.com

Қазақстан ауған босқындарын қабылдамайды. Елімізге шетелдің әскери базасы да орналастырылмайды.

Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік ұйымының сессиясында мәлімдеді. Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік ұйымының бітімгерлері Ауғанстандағы ахуалды реттеуге атсалысатынын айтты. «Енді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы әрі бітімгері қызметі пайда болады», - деді. Ол соғыс оты шарпыған аймақтарға барып, күрмеулі мәселелермен айналысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ауғанстанның жаңа билігімен іс-қимылдарды үйлестіру және ықпалдастықты қамтамасыз ету жөнінде нақты шаралар қабылдауды ұсынамын. Жаңа ауған билігінің шекаралас мемлекеттер мен аймақтарға терроризм қаупінің таралмауына жол бермеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы – біздің айқын басымдығымыз. Бұл есірткі тасымалы мен заңсыз көшуге қатысты. Олармен күрес барлық мүдделі тараптардың ұжымдық күш-жігерін талап етеді.

Жиында Ауғанстанның жаңа билігімен сауда-экономикалық қатынасты жандандыру мәселесі де қаралды. Сондай-ақ Орталық Азиядағы сын-қатерлерді алдын алу бойынша нақты шаралар қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы