425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қ.Тоқаев: Ауғанстанның адами капиталына инвестиция қажет

  • 137
  • UPD: 18:12, 17.09.2021
Қ.Тоқаев: Ауғанстанның адами капиталына инвестиция қажет

Экономикалық дағдарысты еңсеруге Ауғанстанның өз күші жетпейді. Мемлекет гуманитарлық апат алдында тұр. Бұл мәселені Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының бірлескен отырысында көтерді.

Кедейліктен қашқан мигранттардың көші Орталық Азияның әл-ауқатына кері әсерін тигізбей қоймайды.

«Сондықтан екі ұйым да тездетіп нақты әрекетке көшуі қажет», – деді Қазақстан басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Ауғанстаннан Алматыға көшірілген БҰҰ-ның қызметкерлері бұл жұмысты үйлестіре алады. Тез арада шешімін табуы тиіс мәселені жіті талдаумен қатар, болашақтың қамын естен шығармаған жөн.

«Алдағы уақытта саяси, гуманитарлық жағдайдың қалай қалыптасатыны белгісіз. Десе де, Ауғанстанның адами капиталы дамыту, келешекте мемлекеттік тұрақталуына кепіл болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Осы орайда, Ауғанстан азаматтарына арналған білім беру бағдарламаларын жалғастыру маңызды. Қазақстанда бүгін 200-ге жуық ауған студенттері білім алып жатыр. Ауғанстанның жаңа билігі жастардың жоғары білім алуына кедергі келтірмейді деп үміттенемін. Сонымен қатар,  Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалог орнатқаны жөн деп білемін.

Қазақстан Президентінің пікірінше, Ауған халқының мүддесі үшін алыс-берісті реттеп, тәліптермен қарым-қатынас орнату қажет. Бірақ, тәліптер орнатқан билікті ресми түрде мойындау әлі ерте. Ол үшін тәліптердің бұдан арғы іс-әрекетін жіті бақылап, әліптің артын баққан жөн. 

Хабар 24 телеарнасы