425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Карантин талабын бұзған кәсіпкерлерге 26 млн теңге айыппұл салынды

  • 198
  • UPD: 20:49, 17.09.2021
Карантин талабын бұзған кәсіпкерлерге 26 млн теңге айыппұл салынды

Ал Маңғыстауда карантин талаптарын бұзғандар жазаға тартылып жатыр.

Ережені елемеген кәсіпкерлерге 26 млн теңге айыппұл салынған. Мониторингтік топ өкілдері жыл басынан бері 16 мыңнан аса нысанды тексерген. Сөйтіп, заң бұзған 112 орынды анықтаған. Айыппұл арқалағандардың арасында тұрғындар да бар. Олар індет жұқтырып алғанын біле тұра, қоғамдық орындарға барған.  

– Ғазиз Надуев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

Қоғамдық орындарда кірмекші болған 2342 тұрғын анықталған. Оның 1723-і «қызыл» мәртебеде және де 619-ы «сары» мәртебемен болған. Ол кісілерден түсініктемелер алынып, бүгінгі таңда 44 тұрғынға 1 млн 900 мыңнан астам айыппұл салынған.

Хабар 24 телеарнасы