Н.Назарбаев: Пандемия жалғаса берсе, жаңа дағдарыс болуы мүмкін

Пандемия жалғаса берсе әлемде жаңа дағдарыс болуы мүмкін. Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесуде осындай оймен бөлісті. Жалпы кездесуде пандемия жағдайында әлемдік экономиканы одан әрі дамыту перспективалары сөз болды. 

- Қазір пандемиядан туындаған қиын кезеңдер келді. Егер пандемия осылай жалғаса берсе, онда жаңа дағдарыс болуы мүмкін. Қазірдің өзінде қарыздар дағдарысы бар, инфляция дағдарысы және энергия көздерінің арзандауы болжануда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы орайда тараптар өңірлердегі экономикалық ахуалдың даму болжамдарын талқылап, тәуекелдердің алдын алу мәселесін сөз қылды.