426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мемлекет басшысы Қалжыр өзенін ластағандарды жауапкершілікке тартуды тапсырды

  • 255
  • UPD: 14:09, 22.09.2021
Мемлекет басшысы Қалжыр өзенін ластағандарды жауапкершілікке тартуды тапсырды

«Айқын» газетінің бүгінгі нөміріне «Қалжырды кім ластап жатыр?» деген мақала жарияланған еді.

Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы