Каспий маңындағы қоршаған ортаға әсер етуді бағалау туралы хаттама ратификацияланды

Бүгін Сенат депутаттары Каспий теңізінің маңындағы қоршаған ортаға әсер етуді бағалау туралы хаттаманы ратификациялады.

Бұл құжат су қоймасының  биологиялық ресурстарын сақтау, оны тиімді пайдалануға бағытталған. Сондай-ақ, теңіз ортасы мен құрлықтың ластануын болдырмауға ықпал етеді. Хаттамаға қол қойған Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Түрікменстан және Ресей мемлекеттері теңіздің биоалуандылығын сақтауды бірлесіп шешуге мүмкіндік алды. Хаттама аймақтағы мұнай-газ зауыттары мен электр стансаларының жұмысын да реттейді. Айта кетерлігі, аталмыш құжат бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді және де уағдаласушы елдерің теңіз маңындағы әрекеттеріне еш шектеу қоймайды.

Сондай-ақ...