Қазақстан мен шетел сарапшылары ұлт бірлігінің саясатын талқылады

Бүгін «Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институты мен ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Этносаралық келісім саясаты: бірлік алуантүрлілікте» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Берік Әбдіғалиұлы мен Юлия Кучинская, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік сарапшылар: Серік Сейдуманов (Қазақстан), Маркус Корнпробст (ЕҚЫҰ), Алексей Пилько (Ресей) және басқалар конференция тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Конференция жұмысына ҚР ПӘ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы басшылығының өкілі Ерлан Әбдікасов пен ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысты.

Спикерлер мен қатысушылар азаматтық қоғамды, азаматтық мәдениет пен қазақстандықтардың әр түрлі ұрпағының патриотизмін дамыту мәселелерін көтерді, сондай-ақ Қазақстандағы этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы практикалық бағыттар тақырыптарын қозғады.

ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мәдени әртүрлілікті мойындай отырып, интеркультурализм әртүрлі ұлттар мен діндер азаматтарының ортақ мүдделерінің болуын білдіретінін атап өтті.

Айта кетейік, қатысушылар Қазақстанның этносаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясаты ашық, әрі айқын қағидаттарға негізделетінін бірауыздан айтып өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық келісім моделінің сабақтастық бағыты ретінде Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев белгілеген «Ел бірлігі – оның әралуандығында!» қағидаты қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен топтасуын қамтамасыз ету, сындарлы диалог пен өзара іс-қимыл негізінде этносаралық процестерді реттеу болып табылады.

Конференцияға қатысушылар этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға кірігуіне, оның ішінде мемлекеттік тілді үйрену, білу, өзара мәдени байланысу мен Қазақстан халқының сан алуандығын құрметтеу арқылы, ашық екендігін атап өтті.