Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастық нығая түспек

Әріптестік аясын кеңейту туралы уағдаластық Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің тәжікстандық әріптесі Рустам Эмомалимен кездесуі кезінде жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәжістанның Милли Мәжілісінің төрағасы елімізге арнайы сапарымен келгенін айта кетейік. Нұрлан Нығматуллин палата депутаттарының заң шығару қызметі жайлы мағлұмат беріп, экономикалық реформаларды заң тұрғысынан қолдау жұмысына тоқталды. Сондай-ақ басқосуда Ауғанстан мәселесіне қатысты аймақ қауіпсіздігіне ерекше мән берілді. Сонымен қатар кездесуде Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру мен гуманитарлық қолдау көрсету жөнінде айтылды.