loader

ҚР СІМ БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында жоғары деңгейлі кездесулерге қатысты

ҚР СІМ БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында жоғары деңгейлі кездесулерге қатысты

БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірқатар кездесуге қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және Орталық Азия мемлекеттерінің өкілдері бас қосқан жиында Ауғанстандағы жағдайды шешу, климаттық дағдарысқа қарсы күрес және ковидке қарсы іс-қимыл бойынша жұмыла әрекет етудің маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар қазақстандық делегация Молдова, Румыния, Бахрейн және Шри-Ланка елдерінің Сыртқы істер министрлерімен кездесіп, өзара байланысты арттырудың жолдарын қарастырды. Сондай-ақ министр бірқатар халықаралық және америкалық бизнес өкілдерімен Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың жайын және инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады.

Джули Монако, Citigroup-тың басқарушы директоры:

- Қазақстандық нарықта жүргенімізге 25 жыл болды. Және өзімізді қазақ еліндегі ірі инвесторлардың біріміз деп айта аламыз. Алдағы уақытта да инвестиция құйып, қаржылық институттар мен жергілікті компанияларды қолдауды жалғастыра бермекпіз. Менің ойымша, шетелдік инвесторлар Қазақстанмен жұмыс істеуге үлкен қызығушылық танытуда. Ол үшін жақсы мүмкіндік жасалған. Ковидке қарамастан сіздердің экономикаларыңыз тұралап қалмады. Бұл да соның бір дәлелі.

Сондай-ақ...