Нұрлан Нығматулин Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сагиба Гафаровамен кездесті

Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзербайжан Милли Мәжілісінің Спикері Сагиба Гафаровамен кездесті.

Басқосуда екі ел арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары нақтыланды. Сонымен қатар бұған дейін Қазақстан мен Әзербайжан басшылары жасаған уағдаластықты заң жүзінде іске асыру мен өзара іс-қимылды дамытудың жолдары талданды. Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова таяуда ғана Түркістанда өткен Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Х пленарлық отырысының қорытындысын сараптады. Екі жақ та отырыста қабылданған шешімдер парламентаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ түркі елдері арасындағы жан-жақты ықпалдастықты дамытатынына сенім білдірді.