Елбасы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Ауғанстандағы ахуал Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесін қайта қарауға түрткі болды. Өйткені ұзақ мерзімге созылуы мүмкін қауіп-қатер туғызып отыр. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында атап өтті.

Жиында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселесі қаралды. Кеңесте премьер-министрдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазіргі ахуалға қатысты баяндама жасады. Отырыстың қорытындысы бойынша Елбасы қоғамның дамуы мен қауіпсіздік мәселесіне қатысты ұлттық мүддеге бағытталған бірқатар тапсырма жүктеді.