426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жол саласында бірлескен жобалар талқыланды

  • 104
  • UPD: 12:27, 01.10.2021
Жол саласында бірлескен жобалар талқыланды

Жол саласындағы бірлескен жобалар, өткізу пункттерін қайта жаңарту, Қазақстан мен Ресейдің құрылыс нормаларын біріздендіру. Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр мен Ресей Федерациясы үкіметі басшысының орынбасары Марат Хуснуллиннің кездесуінде осындай мәселелер талқыланды.

Көрші елдің үкіметтік делегациясы екі күндік жұмыс сапарымен елордаға келді.

Сапардың бірінші күні тараптар жол инфрақұрылымын дамыту тақырыбын қозғап, өткізу қабілеттілігі мен жүк тасымалы көлемін болжауға мүмкіндік беретін құрылыс жұмыстарын ұқсатуға дайын екендіктерін жеткізді. Ал шекаралық өткізу бекеттерін бірлесіп қайта құру екі ел арасындағы туристік ағынға тікелей байланысты.

Хабар 24 телеарнасы