426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

А.Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасары М.Хуснуллинмен кездесу өткізді

  • 170
  • UPD: 15:19, 01.10.2021
А.Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасары М.Хуснуллинмен кездесу өткізді primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Марат Хуснуллинмен кездесу өткізді.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, транзиттік-көлік, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ ҚР мен РФ аймақаралық ынтымақтастығының XVII форумы аясында қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.

Келіссөз барысында көлік инфрақұрылымының озық дамуы, екі елдің транзиттік әлеуетін күшейту және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Солтүстік – Оңтүстік» дәліздері және ЕАЭО кеңістігіндегі басқа бағыттар аясындағы аймақтық көліктік өзара байланыс мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ҚР премьер-министрі инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы өткізу пункттерін реконструкциялау арқылы көлік әлеуетінің тиімділігін арттыру қажет екенін атап өтті.

Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Биыл елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық серпіні біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр. Осы жылғы қаңтар-шілде айларында екіжақты тауар айналымы $12,7 млрд құрады, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 26,7%-ке жоғары. Қазіргі динамика сақталған жағдайда, екі ел арасындағы сауда көлемі биыл $20 млрд-тан асуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы