30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшты – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың тұңғыш ғарышкері туралы жазды.

«30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады.

Бұл оқиға Қазақстанның ғарышты зерттеу бағдарламаларын іске асыруға негіз болды. Бүгінде осы саладағы жетістіктеріміз халқымыз бен ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді» деді Мемлекет басшысы твиттерде.