Президент «Қазақ Радиосының» ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ Радиосының» ардагерлері мен қызметкерлерін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Ақпарат кеңістігінде аса маңызды орын алатын Қазақ радиосының ардагерлері мен қызметкерлерін 100 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын! Ұзақ жылғы жемісті еңбектеріңіз мемлекеттік наградаларға лайықты және сіздерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі» деп жазды Мемлекет басшысы твиттерде.