Сенат төрағасы әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерімен кездесті

18 жылдың ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі озық диалог алаңына айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін съезд хатшылығының басшысы, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жиынға қатысушылармен кездескенде осылай деді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін қабылданған шешімдер іске асып, дінаралық келісім идеяларын ілгерілетуге тың серпін берді. Сондай-ақ Сенат төрағасы жиынға дін өкілдері ғана емес, әлемдік деңгейдегі саясаткерлердің де тұрақты қатысатынын атап өтті.