Премьер-министрдің орынбасары кореялық бизнес өкілдерімен кездесті

Елордада Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдің жетекшілігімен Қазақстан-Корея стратегиялық экономикалық және инвестициялық серіктестігін одан әрі дамыту мақсатында кореялық іскер топ өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Хабар 24 ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар қолданыстағы жобалар бойынша бірлескен жұмысты жетілдіру жайын талқылады. Жиынға кореялық 15 ірі компания, соның ішінде «Samsung Electronics», «Daewoo Bus Company» және «Mark Point» сынды компания басшылары қатысты. Қазақстан экономикасының басым секторлары – құрылыс, тау-кен металлургиясы кешені, ақпараттық технология, энергетика, машина жасау және өзге де салалардағы инвестициялық жоспарлар туралы айтылды. Біздің тарап екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың зор әлеуеті бар екенін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктеріне назар аударды.