Қазақстанның Кореядағы елшісі «Samsung Electronics» компаниясының вице-президентімен кездесті

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Дүйсенбаев Оңтүстік Кореяның «Samsung Electronics» компаниясының Вице-президенті Чон Санг Пильмен кездесті.

Қазіргі уақытта «Samsung Electronics» компаниясы электроника өнеркәсібі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін қарастыруда және Қазақстандағы бірлескен жобалардың егжей -тегжейін талқылауға дайын.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі тығыз ынтымақтастыққа келісті.