Қазақстанға жер аударылған халықтарды ақтау мәселесі белсенді көтеріліп жүр

Қазақстанға жер аударған халықтарды ақтау мәселесі соңғы бір жылда белсенді көтеріліп жүр.

Бұл қиын-қыстау кезеңде елімізге бас сауғалап келген этнос өкілдеріне қатысты. Арнайы комиссия құрылып ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінен комиссия құрамындағы ғалымдар, зерттеушілер кезекті онлайн кеңес өткізді.

Ғалымдардың айтуынша, кеңестік кезеңде негізсіз қудаланған, сотталғандарды ақтау тарих алдындағы парыз.

Арайлым Мұсағалиева тарих ғылымдарының докторы:

- Жалпы Қазақстанға жер аударылған халықтардың саны бір миллионнан асады. Этникалық жер аударулардың ішіндегі ең көлемдісі – бұл немістердің жер аударуы. Яғни қазіргі мәлімет бойынша Қазақстанға 470-тен астам неміс жер аударылған.