Энергетика саласындағы инвестиция 510 млн доллардан асты

Премьер-Министр Ел Үкіметі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2023 жылға қарай 6 процентке дейін екі есе арттыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Асқар Мамин Қазақстанның баламалы энергетиканы дамыту саласына шетелдік капитал мен озық технологияларды тарту үшін инвестициялық ортаны жақсарту жөнінде бірқатар шаралар қабылдағанын атап өтті. Нәтижесінде, 2020 жылы жаңартылатын энергетика саласында жалпы қуаты 600 МВт-қа жуық 25 жоба пайдалануға берілді. Инвестиция көлемі 510 миллион доллардан асты. Алдағы төрт жыл ішінде жалпы қуаты 2400 МВт болатын және инвестиция көлемі 2 жарым млрд доллардан астам құрайтын 60-тан аса жаңа жаңартылған энергия көздері жобасын пайдалануға беру жоспарланып отыр.