425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қ.Тоқаев Елбасы Н.Назарбаевты жаңа лауазымға ұсынды

  • 89
  • UPD: 17:04, 12.10.2021

Президент Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысып жатқан делегация басшыларымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға Бахрейн, Беларусь, Үндістан, Катар, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінің сыртқы істер министрлері, Израильдің туризм министрі, сондай-ақ 5 халықаралық ұйым мен 15 мемлекеттің дипломатиялық миссиясының басшылары қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес өткізуге Қазақстанның бастамашы болғанын және кеңестің географиялық аясы мен күн тәртібінің ауқымы кеңейген құрлықтық платформаға айналғанын атап өтті. Қазіргі таңда бейбітшілікті қолдау, ынтымақтастық орнату және даму мүддесі тұрғысынан Азия елдерінің ұжымдық күш-жігері мен даналығын үйлестіру үшін Кеңестің әлеуеті зор. Осылай деген Президент Ақсақалдар кеңесінің басшысы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біріншіден, мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Ақсақалдар кеңесі басшысы лауазымына Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Екіншіден, кеңеске 2022-2024 жылдары Қазақстанның қайтадан төрағалық ету бойынша өтінішін хабарлаймын. Егер бұл мәселе мақұлданып жатса, біз Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестегі ұжымдық күшті нығайта түсу үшін жаңартылған мандатты қолдануға міндетті боламыз.

Хабар 24 телеарнасы