Мәжілісте «Nur Otan» фракциясының отырысы өтті

Мәжілістегі Nur Otan фракциясы партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын бақылауды жалғастырады.

Бұл туралы бүгін Палата Төрағасы, парламенттік фракцияның жетекшісі Нұрлан Нығматулин мәлімдеді.

Сайлауалды бағдарламаның Жол картасын орындаудың аралық қорытындылары бүгін Мәжілісте фракция отырысында қаралды. Тұтастай алғанда, күрделі пандемия жағдайында Үкімет пен мемлекеттік органдар айтарлықтай жұмыстарды атқарды. Дегенмен, Жол картасының 21-тармағы бойынша шикізаттық емес экспорт, мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру, шаруа және фермерлік қожалықтарды құруға қатысты артта қалушылық бар. Мәжіліс депутаттары қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін шешілуі тиіс проблемалық мәселелерге назар аударды. Олар Жол картасының тармақтарын уақтылы қаржыландыру үшін құжаттаманы уақытылы дайындау қажеттілігі, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын күшейту. Нұрлан Нығматулин «нұротандық» депутаттар мен Үкіметтің бірлескен жұмысы осы және келесі жылға жоспарланған көрсеткіштерді орындау үшін жандандырылатынын атап өтті.