ҚР ИИДМ басшысы Түркияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

ҚР ИИДМ басшысы Түркияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджимен кездесті.

Тараптар Қазақстан-Түркия Экономикалық үкіметаралық комиссиясының алдағы 12-отырысы аясында елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өнеркәсіп және көлік логистикасы мәселелері қозғалды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалог үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.