426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізілді

  • 98
  • UPD: 12:45, 13.10.2021
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізілді

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Заң жобасын таныстыра отырып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бұл құжат Тұңғыш Президенттің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, яғни кәсіпорындардың энергия тиімділігіне қойылатын талаптарды күшейту және Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада көзделген ЖІӨ энергия сыйымдылығын одан әрі төмендетуді қамтамасыз ету бағытында әзірленгенін атап өтті.

Заң жобасы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама нормаларын жетілдіруге бағытталған. Жалпы Заңның 9-бабына өзгеріс енгізіліп,
2 жаңа баппен толықтыру көзделген. Негізгі бағыттар, ол Мемлекеттік энергетикалық тізілім, энергия аудиті, мемлекеттік бақылау, бюджет секторы және өңірлік саясат.

Энергетикалық тізілім шеңберінде жеке сектор үшін ақпарат тізбесін оңтайландыру ұсынылады. Мемлекеттік сектор үшін - бенчмаркинг жүргізу және ұсынымдар дайындау мақсатында автоматтандырылған жылу пунктімен жарақтандырылуы туралы, сондай-ақ басқа ақпаратпен толықтыру жолымен ақпарат тізбесін кеңейту ұсынылады.

Сонымен қатар энергия аудиторларына үміткерлерді аттестаттау бойынша функцияларды қызметкерлердің лайықтылығын растау жөніндегі органдарға беру ұсынылады. Бұл шара сала сарапшыларының кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді, нәтижесінде, жүргізілетін энергия аудиттерінің сапасы жақсарады.

Сонымен қатар, Бейбіт Атамқұлов энергия үнемдеу саясатын іске асыруда жергілікті атқарушы органдар маңызды рөл атқаратындығын атап өтті. Алайда бүгінде жергілікті деңгейде энергия үнемдеу жөніндегі шараларға бағытталған бағдарламалар жоқ.

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдарға үш жылға арналған жол карталарын қабылдау және іске асыру бойынша құзырет беру ұсынылады.

«Энергия үнемдеудің елеулі әлеуеті бар  бюджет секторын реттеуді күшейту және бюджеттік шығындарды төмендету мақсатында мемлекеттік мекемелерде энергия үнемдеуді қамтамасыз ететін, сонымен бірге энергия тұтынатын жабдықтар нарығын қайта құруға серпін беретін энергия тиімді мемлекеттік сатып алуларды енгізу көзделген. Сондай-ақ, энергия тұтыну нормативтерін қабылдау, олардың сақталуына мониторинг жүргізу, бенчмаркинг және энергия тиімділік бойынша тиісті ұсынымдарды беру жоспарланып отыр»,- деп атап өтті министр.

Бұдан бөлек, бизнеске бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру мақсатында, энергия үнемдеу саласы үшін жаңа мемлекеттік бақылау тетігін - яғни субъектілерге бармай профилактикалық бақылауды енгізу, оны жүргізу тәртібін айқындау көзделеді.

Жалпы заң жобасын қабылдау экономика секторларының энергия тиімділігін арттыруға, тиісінше жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын төмендетуге ықпал ететін болады.

Хабар 24 телеарнасы