М.Әшімбаев Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің төрағасымен кездесті

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммад бен Ибрахим Әл Аш-Шейхпен кездесті.

Палата Спикері Сауд Арабиясы Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес екенін, ал екі ел халқын ортақ дін мен рухани құндылықтар байланыстыратынын айтты. Кездесуде тараптар екі мемлекеттің өкілді органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Сонымен қатар жиында келесі жылы елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық барысы да сөз болды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қазақстан Парламенті Сенаты Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесімен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.  Бұл ретте қос мемлекет арасындағы достық топтарының маңызы зор. Біз Сауд Арабиясының экономиканы әртараптандыру және жаңғырту бағдарламасын зерделеуге мүдделіміз. Байланысты нығайту үшін тұрақты консультациялар жүйесін жасауды ұсынамын. Оны салалық комиттер арасында ұйымдастырып, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағыттарда іске асыруға болады.