470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сенаторлар тағы бір заң жобасын талқылады

  • 274
  • UPD: 16:37, 19.10.2021
Сенаторлар тағы бір заң жобасын талқылады Сенаттың баспасөз қызметі

Сенаторлар мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат депутаттары Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысына қатысты. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. 

Заң жобасында мемлекеттік сатып алуды ерекше жағдайларда ғана бір жерден ұйымдастыру ұсынылып отыр. Сондай-ақ құжатта есеп-қисапты күшейту көзделген, атап айтқанда, осындай сатып алуды өткізуге тапсырыс берушінің бірінші басшысы тікелей жауапты.

Комитет депутаттары заң жобасының осы және басқа да бірқатар жаңалығын талқылағаннан кейін құжатты Палатаның қарауына екінші оқылымға беру туралы шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы