Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыс орнатуға дайынбыз – Бразилия штатының губернаторы

Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыс орнатуға дайынбыз – Бразилия штатының губернаторы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Бразилияның Баия штатының губернаторы Руй Костамен кездесті.

Қазақстандық дипломат еліміздің Бразилиямен қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалай отырып, өңіраралық байланыстарды дамытуға қосқан маңызды әлеуетті үлесін атап өтіп, мұндай өзара іс-қимыл екі елдің, әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық кооперация тұрғысынан одан әрі жақындасуына қызмет ететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Баия штатының губернаторы өңіраралық байланыстарды қалыптастыру екі мемлекет ынтымақтастығының барлық кешеніне қосымша серпін беретініне сенім білдіре отырып, өзі басқарып отырған өңірдің жалпы Қазақстанмен және өңірмен, оның ішінде «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығының және Бразилия ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясының (CNI) бірлескен төрағалығымен Іскерлік кеңес алаңында, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобының құрылып жатқан алаңында тығыз экономикалық байланыстар орнатуға дайын екенін атап өтті.

Тараптар екіжақты сауданың өсу динамикасын, оның ішінде 2021 жылғы қаңтар-тамыз аралығында өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда екі есе артқанын және 109,8 млн АҚШ долларына жеткенін қанағатпен атап өтті.

Бразилия делегациясының құрамына экономикалық даму және инфрақұрылым өңірлік министрлері де кірді.