Қ.Көшербаевтың қатысуымен Жамбылдың 175 жылдығына арналған комиссия отырысы өтті

Мемлекеттік хатшының төрағалығымен Жамбылдың 175 жылдығын атап өту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Қырымбек Көшербаев мерейтой елдігімізді айшықтап, бірлігімізді көрсететін айтулы оқиға екенін айтты. Жиында дайындық барысы сөз болды. Қырымбек Көшербаев бекітілген жалпы республикалық жоспарды орындап, іс-шараларды сапалы өткізуді тапсырды.