Түрікменстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ахалтеке арғымағын сыйлады

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады, деп хабарлайды «Хабар 24» Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Ашхабаттағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ахалтеке арғымағын сыйлады. Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты», – делінген Берік Уәлидің жазбасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Берік Уәли (@berikuali)