26 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

26 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 26 қазанда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібінде:

– Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;

– Халықты жұмыспен қамту шаралары.

«БАҚ өкілдерін аккредитациялау 25 қазан күнгі сағат 14:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік, вакциналау паспортын немесе ПТР-тестілеудің 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесін тіркеу қажет.

Әрбір БАҚ: телевизиялық арнадан – 1 телеоператорды және 1 журналисті, ақпарат агенттігінен – 1 журналисті, баспасөз басылымынан – 1 журналисті аккредитациялай алады.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.