434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

А.Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерінің 12 томдығы баспадан шығарылады

  • 103
  • UPD: 22:51, 27.10.2021
А.Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерінің 12 томдығы баспадан шығарылады

Ахмет Байтұрсынұлының таңдамалы шығармалары орыс, ағылшын және түрік тілдеріне аударылып, ғылыми еңбектерінің 12 томдығы баспадан шығарылады.

Бұл туралы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында мәлім болды. Жиында 2022 жылы өтетін іс-шараны халықаралық деңгейде, ЮНЕСКО аясында атап өту мәселесі қаралды. Сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымы мүшелерінің Түркологиялық конгресі ұйымдастырылады. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы көркем фильм түсіру мен музей-үйіне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу де жоспарға енді.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Ахмет Байтұрсынұлы ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, халқымыздың бейбіт те берекелі өмір сүруі үшін аянбай еңбек еткен, сол жолда басын бәйгеге тігіп, «тар жол, тайғақ кешуден» өткен тұғырлы қайраткер екенін айтты. Ол Алаш баласының сауатын ашып, елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қосуды мақсат тұтқанын, «Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын. Ел бүгіншіл, Менікі ертең үшін» деген Ахмет Байтұрсынұлы болашақ ұрпақ үшін қызмет етті. Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық дамудың талай жыл тот басып қараусыз қалған тегершігін айналдырып, үздіксіз қозғалысқа қосып берген ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз қызмет етіп, мәңгі ескірмейтін мол мұра қосқан қайраткер қазақ даласында кем де кем.

Хабар 24 телеарнасы