Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғары Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы достық қарым-қатынастың дамуы талқыланды. Тараптар Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің Абу-Дабиге сапарын атап өтті.

Еске салайық, бұл сапардың нәтижесінде ұзақ мерзімге жоспарланған стратегиялық серіктестік жөніндегі үкіметаралық меморандумға қол қойылған. Кездесуде Елбасы Біріккен Араб Әмірліктерінің халқын елдің құрылуына 50 жыл толуымен құттықтады. Өз кезегінде Абу-Дабидің тақ мұрагері Елбасына Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығымен марапаттағаны үшін алғыс білдірді.