430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

  • 90
  • UPD: 20:04, 29.10.2021
БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы ұжымға Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабековты таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бауыржан Қазбекұлы Айнабеков Қызыл ту еңбек орденінің ауылшаруашылық институтын, Үздіксіз білім беру Алматы университетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын тәмәмдаған.
 
Еңбек жолын 1994 жылы Алматы облысы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы болып бастаған. 1995 жылдан бастап Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарында, оның ішінде басшылық лауазымдарында қызмет атқарған. 2019 жылдан 2021 жылдың қазан айына дейін Павлодар облысы бойынша МКД басшысының орынбасары қызметінде болды.
 
Абзал Бейсенбекұлы Бауыржан Айнабековке алға қойылған міндеттерге табысты қол жеткізуін тіледі.

Хабар 24 телеарнасы