430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Депутат: судьяларға қаржылық дербестік берілуі керек

  • 95
  • UPD: 13:18, 03.11.2021
Депутат: судьяларға қаржылық дербестік берілуі керек

Судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға қаржылық дербестік беру керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ бұл мәселені Жоғарғы соттың кеңейтілген отырысында шешу қажеттігін атап өтіп, тиісті заң жобасымен таныстырды. Оған сәйкес облыстық, қалалық және аудандық сот өкілдері судьяларды қаржыландыру туралы шешімдерді бірлесіп қабылдайды. Ал Есеп комитеті бұл процесті өз бақылауында ұстайды. Сондай-ақ депутат алыс-шалғай елді мекендердегі судьялардың тапшылығы жайында сөз қозғады. Мәселен, кейбір елдімекенде 2-3 жыл бұрын жарияланған конкурсқа әлі күнге дейін ешкімнің қатысқысы келмейтінін атап өтті. Ал қалада керісінше 1 орынға 90 үміткер бар. Сол себепті жүйеде 5 жылдан артық істегендерге бірқатар басымдық беріп, оларды ауылда жұмыс істеуге ынталандыру көзделген.

Хабар 24 телеарнасы