Моноқалалардың инженерлік инфрақұрылым жүйесінің әбден тозығы жеткен

Моноқалалардың инженерлік инфрақұрылым жүйесінің әбден тозығы жеткен

Ал осы моноқалалардың инженерлік инфрақұрылым жүйесінің әбден тозығы жеткен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

Су құбырлары мен кәріз желілерінің орта есеппен 61%-і ескі. Әсіресе Арқалық, Балқаш, Шахтинск, Теміртау қалаларындағы құбырлардың 90% жарамсыз. Ал жылу және электр желілерінің 55% көнерген. Жекелеген моноқалаларда бұл көрсеткіш 85%-ке жетеді. Автомобиль жолдарының 40% шұрық-тесік күйде.