Президентті Сырдария, Жайық пен Іле өзендерінің тартылуы да алаңдатады. Трансшекаралық өзендердің экологиялық ахуалы соңғы кезде тіпті нашарлай түскен.
Бұған көбіне құрғақшылық пен көрші елдер пайдаланатын су мөлшерінің артуы себеп. Салдарынан қажетті мөлшердегі су келмей, өзен арналары кеуіп жатыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев тәршілік нәрін тұтыну әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігін атап өтті. Әсіресе суды өнеркәсіп пен ауылшаруашылық мақсатта қолдануда тың технологиялар мен цифрлық тәсілдерге жүгінген абзал. Мемлекет басшысы су қоймаларындағы экожүйені сақтай отыра, ресурсты тиімді тұтыну мақсатында 120 каналды жаңғыртуды жүктеді. Сондай-ақ жаңа 9 су қоймасын салуды тапсырды. Бұл бастама көршілес елдерден келетін суға деген тәуелділіктен арылуға мүмкіндік бермек.