434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мемлекет басшысы Екібастұздағы теміржол кластерімен танысты

  • 74
  • UPD: 20:00, 04.11.2021
Мемлекет басшысы Екібастұздағы теміржол кластерімен танысты

Мемлекет басшысы Екібастұздағы теміржол кластерімен танысты. Мемлекет басшысына өндіріс барысы көрсетіліп, жұмысшыларды әлеуметтік қолдау шаралары, кәсіпорынның экспорттық әлеуеті мен одан әрі жаңғырту жоспар туралы мәлімет берілді.

2012 жылы салынған зауыт 700-ден 1250 мм-ге дейінгі әртүрлі диаметрлі және дискілі конструкциядағы теміржол дөңгелектерін шығарады. Зауыт жылына 300 мың дана өнім шығарады. Компанияда 750-ге жуық адам жұмыс істейді.

Бұдан кейін Президент серпінді клеммалар мен бұрандалар шығаратын «Ферротранстрейд» зауытын іске қосты.

– Бүгінде Екібастұз еліміздің теміржол машина жасау орталығына айналды. Қала кәсіпорындары өнеркәсіп өнімінің 73 пайызын құрайды. Олар жыл сайын теміржол саласына қажетті 85 миллиард теңгенің өнімін шығарады. Оның 70 пайызы экспортталады. Бүгін ТМД елдерінде баламасы жоқ «Ферротранстрейд» зауыты іске қосылды. Бұл жерден халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін компоненттерді шығарады. Жаңа өндіріс толық күшіне енгеннен кейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы терминалдар мен бұрандаларды импортамайтын болады. Кәсіпорын отандық машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыратынына сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кәсіпорынның өнімдерінен жасалған көрмені аралап, зауыттың еңбек ұжымымен кездесті. Бұл жерде 160 адам жұмыс істейді. Зауыт жылына рельс бекітетін 3 млн. жинақ және 4,5 млн. дана полимерлі төсеу құралын шығарады.

Президентке темір жол саласындағы өнеркәсіптің жетістіктері мен перспективалары туралы ақпарат беріліп, бейнеролик көрсетілді.

Бұл кәсіпорындар темір жол саласындағы еліміздің шикізаттық емес экспортының үлесін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы