Қазақстан мен Италия арасындағы парламентаралық байланыс талқыланды

Қазақстан мен Италия арасындағы парламентаралық байланыс нығаяды. Байланыстың жәй-жапсары Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтің Италияға жасаған жұмыс сапарында талқыланды.

Қос мемлекеттегі экономика, сауда, туризм, мәдениет бағыттары бойынша ынтымақтастықты арттырудағы депутаттардың ролі орасан. Мәулен Әшімбаев өңіраралық келісім арқылы екі елдің сауда-экономикалық байланысын кеңейту ісіне Сенат депутаттарын тартуды ұсынды. Италия Парламенті Сенатының Төрағасы Мария Элизабетта Альберти-Казелаттимен кездесуінде Мәулен Әшімбаев жасыл экономика жайын сөз етуді ұмытқан жоқ. Бұл бағытта да күш біріктірілмек.