Мемлекет басшысы боксшыларымызды әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.

«Бокстан әлем чемпионатында алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновты, күміс олжалаған Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановты және ұлттық құрама капитаны, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповті шын жүректен құттықтаймын! Елдің атын шығарған ерлерімізге табыс тілеймін!» - делінген Тоқаевтың құттықтауында.