430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мәулен Әшімбаев Польша Сенатының маршалымен кездесті

  • 78
  • UPD: 14:38, 08.11.2021
Мәулен Әшімбаев Польша Сенатының маршалымен кездесті Сенаттың баспасөз қызметі

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев біздің елімізге ресми сапармен келген Польша Республикасы Сенатының маршалы Томаш Гродзкимен кездесті.

Тараптар екі ел арасында жоғары деңгейде сенімді диалог орнағанын және оны Қазақстан мен Польша парламенттерінің байланыстары бойынша  қолдау мен ілгерілету де маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Сенаты Польша Сенатымен парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі болып отыр. Қазақстан Парламентінің екі палатасында Польшамен ынтымақтастық жөніндегі топтар жұмыс істейді. Польша Парламентінде Қазақстанмен достық тобы қызмет етуде. Біз алдағы кезеңде түрлі сипаттағы бірлескен іс-шаралар ұйымдастыра аламыз. Бұл біздің өзара екіжақты іс-қимылымызға жаңа серпін беретініне сенімдімін», – деді Мәулен Әшімбаев.

Палата төрағасы әңгіме барысында Қазақстан Парламенті Сенатының қазіргі қызметі, атап айтқанда, Мемлекет басшысының саяси реформаларын іске асыруға бағытталған заң шығару жұмыстары туралы да айтты.

«Біздің Палата Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту жөніндегі күн тәртібін сапалы заңдармен қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Онда ең алдымен, саяси жүйені одан әрі демократияландыру, оның ашықтығын қамтамасыз ету, саяси бәсекелестікті арттыру, азаматтардың құқықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау туралы айтылып отыр. Біз бұл бағытта заңдардың ауқымды топтамасын қабылдадық», – деді Мәулен Әшімбаев.

Жүздесушілер сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені, көлік, логистика, фармацевтика, құрылыс, машина жасау, туризм және басқа да келешегі зор салалардағы екіжақты қатынастарды нығайтудағы парламентшілер жәрдемінің маңыздылығын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы