Қазақстан мен Польша парламентаралық қатынасты нығайтады

Сондай-ақ Польша Сенатының маршалы Томаш Гродзкий мен Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин кездесіп, өзара ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәжіліс төрағасы Қазақстанның Польшамен жан-жақты серіктестікті дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Қазақстан Парламенті бұл бағытта қажетті заңнамалық базаны қамтамасыз етуде. Өз кезегінде, Польша сенатының маршалы барлық салада ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.