Сенаторлар қандастардың көші-қон мәселесін талқылады

«Өңір» депутаттық тобының мүшелері Ақмола облысындағы Аршалы ауданында болып, ондағы құрылыс барысын көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы жүзеге асырып жатқан «Асар» пилоттық жобасымен танысты. Жоба еліміздің солтүстік өңірлеріне оңтүстіктегі қандастардың қоныс аударуына жәрдемдеседі. Онда біркелкі типтегі 1282 коттедж салу үшін 1 млрд теңгеден астам қаржы инвестицияланған. Ал тиісті инфрақұрылымды, оның ішінде жолдар мен су құбырларын салу үшін республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлінді. Ал жаңа мекенге көшіп келгенде тұрғындар жұмыссыз қалмас үшін ауыл маңына жылыжай, бордақылау және ауыл шаруашылығы өнімдерін сататын сауда алаңдарын салу жоспарланып отыр. Бұл 3,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.