10 қарашада Үкімет отырысы өтеді

Сәрсенбі күні, 10 қарашада, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;

2021 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы;

Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының жобасы;

2021 жылғы ұлттық халық санағының аяқталуы.