Қазақстан – ядролық қарудан өзі бас тартқан мемлекет – В.Гроссрук

Қазақстан - ядролық қарудан бас тартқан бірден бір мемлекет. Бұл батыл қадам көптеген елге үлгі болғаны даусыз. 

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы парламент ассамблеясының бұрынғы басшысы Вольфганг Гроссрук «Хабар» Агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинге берген сұхбатында осылай деді. Ол Австрия да осынау бастамадан шет қалмағанын айтады. Бұл мемлекет бейбіт атомнан да бас тартқан. Қазір елдегі атом энергетикалық станциясы музей ретінде жұмыс істеп тұр. Сарапшы Қазақстанның климаттағы өзгерістер, лаңкестікпен күрес және ядролық қаруға қарсы бастамалар бойынша жаһандағы ролі ерек екенін атап өтті.

Вольфганг Гроссрук, ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының бұрынғы төрағасы:

- Ядролық сынақтар менің жүрегіме үлкен жара салды. Сол себепті тұңғыш Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаевтың полигонды жапқаны жайлы естігенде қатты толқыдым әрі қуандым. Бұл шынымен батыл қадам. Семей ядролық полигоны ең қорқынышты сынақ болғаны рас.