434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек туралы Тоқаев тапсырмасы қалай орындалды

  • 129
  • UPD: 19:15, 10.11.2021
Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек туралы Тоқаев тапсырмасы қалай орындалды

Мемлекет басшысының Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тапсырмасы бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылды, деп хабарлайды «Хабар 24» Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, мемлекеттік уәкілетті органдарға қаза тапқан азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Орындалды:

– Жарылыс салдарынан қираған 176 нысанның бүгінде 173-і қалпына келтірілді. 35 тұрғын үй, 10 комерциялық нысан, 2 мектеп пен 1 дәрігерлік пункт пайдалануға берілді. 2 коммерциялық нысанның және Жібек жолы ауылындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.

– Қайнар ауылында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, үйлерге газ, су берілді.

– Қайта қалпына келтіру жұмыстарына Үкімет резервінен 1,2 млрд. теңге бөлінді және демеушілер есебінен 102,3 млн. теңге жұмсалды.

– Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 15 млн. теңгеден материалдық көмек көрсетілді.

– Қаза тапқан азаматтардың отбасы мүшелерінің банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары толығымен өтелді.

 

Хабар 24 телеарнасы