434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Асқар Мамин Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты

  • 106
  • UPD: 23:36, 12.11.2021
Асқар Мамин Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты inform

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына сапары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».  Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытында болды. Мұнда жыл сайын 60 млн дозаға дейін вакцина шығару жоспарланып отыр.

Премьер-Министр BSL-3 стандартындағы субстанциялар өндіретін зауыттың өндірістік қуатын дамыту жобаларымен, сондай-ақ ҒЗИ-дың тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымымен танысты. Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің Қайнар ауылында Үкімет басшысына биылғы 26 тамызда оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қираған барлық тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны туралы баяндалды. Премьер-Министр зақымдалған үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Хабар 24 телеарнасы