Қазақстан мен Швеция әскери ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады

Қазақстан мен Швеция әскери ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады
ҚР ҚМ

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Швеция әскери ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.

Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин және Швецияның Мәскеу мен Қазақстандағы әскери атташесі полковник Эрьян Стрём кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында әскери білім беру, бітімгерлік қызмет, сондай-ақ әскери музейлер арасындағы өзара іс-әрекет шеңберінде екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары талқыланды.