Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесі ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан президенттерімен және Мажарстан Премьер-Министрімен бірге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары Түркі Кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бет алды. Саммит Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады.