Президенттің Түркияға жұмыс сапары барысындағы фото және видео жарияланды

Президенттің Түркияға жұмыс сапары барысындағы фото және видео жарияланды

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII Саммитіне қатысуға барған жұмыс сапарында түсірілген фото және видеоны жариялады.

«Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының Ыстанбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бара жатқан сәті» делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына барғанын хабарлаған едік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі VIII саммитіне қатысушыларға бейнеүндеу жасады.